ТДМ-15 аясында «Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру, оларды оңтайлы пайдалану, орман ресурстарын ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозуын тоқтату және кері қайтару, биологиялық алуантүрліліктің жойылуын болдырмау» тақырыбында танымдық саяхат жүргізілді.Farabi University

ТДМ-15 аясында «Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру, оларды оңтайлы пайдалану, орман ресурстарын ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозуын тоқтату және кері қайтару, биологиялық алуантүрліліктің жойылуын болдырмау» тақырыбында танымдық саяхат жүргізілді.

9 қазан, 2025

2025 ж. 04 қазан күні Биология және биотехнология факультетінің Ботаника және агроэкология кафедрасында ТДМ-15 (Жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың жарқын үлгісі) бағыты бойынша «Гүлстан» экофермасына саяхат жүргізілді. Саяхат куратор: б.ғ.к., профессор Назарбекова Салтанат Толепбековнаның ұйымдаструымен жүзеге асты. Тақырып: «Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды оңтайлы пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату».

«Гүлстан» экофермасы - жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың жарқын үлгісі. Бұл сапар ландшафттық дизайн қағидаларының нақты жағдайда қалай жүзеге асырылатынын көзбен көруге мүмкіндік берді: аумақ сауатты түрде аймақтарға бөлінген, өсімдіктер олардың биологиялық ерекшеліктері мен қоршаған ортамен өзара байланысы ескеріле отырып таңдалған.

Фермада суару жүйелеріне және топырақтың құнарлылығын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді, бұл ауыл шаруашылығына тұрақты көзқарасты көрсетеді. Мұндағы ландшафт - жай ғана әсемдік элементі емес, әрбір бөлігі маңызды рөл атқаратын тірі, функционалды экожүйе.

Біздің университетте «Ландшафттық дизайн» мамандығы бойынша магистрлік бағдарлама ашылғанын атап өткен жөн. Бағдарлама ғылымды, эстетиканы және экологияны тәжірибеде ұштастыра алатын мамандарды даярлауға бағытталған. Осындай танымдық сапарлар студенттерге тұрақты жобалаудың нақты мысалдарын көруге және өз идеяларын дамытуға шабыт береді.

«Гүлстан» экофермасы ландшафттық дизайн - бұл тек аумақты безендіру емес, табиғатты терең түсіну мен оған жауапкершілікпен қарау екенін дәлелдеді.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы