- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-13 және ТДМ-15 бағыттары аясында «Табиғи экожүйелердің бұзылуы және оның салдары» тақырыбында танымдық дөңгелек үстел өткізілді
ТДМ-13 және ТДМ-15 бағыттары аясында «Табиғи экожүйелердің бұзылуы және оның салдары» тақырыбында танымдық дөңгелек үстел өткізілді

2025 ж. 29 қыркүйек күні Биология және биотехнология факультетінің Ботаника және агроэкология кафедрасында «Табиғи экожүйелердің бұзылуы және оның салдары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы, PhD, Алдибекова Алмагүл Рахатқызы өткізді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – студенттердің экожүйелердің қазіргі жағдайы туралы ғылыми әрі сыни көзқарасын қалыптастыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 13-і (Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл) және 15-і (Құрлық экожүйелерін сақтау) шеңберінде жаһандық экологиялық мәселелерді талқылау болды. Іс-шара барысында студенттер:
• Табиғи экожүйелердің бұзылу себептері мен салдарын;
• Ормандардың жойылуы, шөлейттену және биологиялық әртүрліліктің төмендеуі сияқты өзекті экологиялық проблемаларды;
• Климаттық өзгерістердің жергілікті және жаһандық әсерлерін;
• Экожүйелерді сақтау мен қалпына келтірудегі жастардың, болашақ экологтардың рөлін қызу талқылады.
Студенттер өз баяндамаларында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жасыл технологияларды енгізу, табиғатты қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені қолдану сияқты өзекті ұсыныстар айтты.
Қорытындысында, дөңгелек үстел табиғатты қорғауға бағытталған білім мен тәжірибе алмасуға, студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті. Іс-шара білім алушылардың Тұрақты даму мақсаттарына бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным танытуына жол ашты.
Ботаника және агроэкология кафедрасы
📌 Байланыс үшін:
Куратор: Алдибекова Алмагул Рахатовна
Электрондық пошта: Almagul.Aldibekova@kaznu.edu.kz
Телефон: +77021851525
Басқа жаңалықтар

