Қазан айының эдвайзерлік сағатыFarabi University

Қазан айының эдвайзерлік сағаты

10 қазан, 2025

Қазан айының эдвайзерлік сағаты ашық аспан аясында өткізілді. Шараға «Қазақ филологиясы» мамандығының бірінші курс студенттері және эдвайзері Ақжігітова Аққибат Орақбайқызы қатысты. Кездесу барысында студенттер мен эдвайзер еркін форматта әңгімелесіп, пікір алмасты. Табиғат аясындағы жылы орта бір-бірін жақынырақ танып, ұжымдық рухты нығайтуға мүмкіндік берді. Пикник түрінде өткен бұл шара студенттердің сергіп, жаңа оқу аптасына көтеріңкі көңіл күймен кірісуіне септігін тигізді.