- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ ТДМ №17. Тұрақты дамуға серіктестік: Пензен мемлекеттік университеті өкілдерінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапары
БҰҰ ТДМ №17. Тұрақты дамуға серіктестік: Пензен мемлекеттік университеті өкілдерінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасына Пензен мемлекеттік университетінің өкілдері — Николай Иванович Свечников пен Глеб Владимирович Синцов келді.
Делегацияны қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Рима Еренатқызы Джансараева, сондай-ақ заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Уәлихан Ақыпбекұлы Ахатов қабылдады.
Сапар барысында қонақтар кафедраның қызметімен, оқу зертханаларымен, есімдері берілген аудиториялармен және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген криминалистикалық полигондармен танысты. Оларға студенттердің тәжірибелік дайындығына арналған инновациялық технологиялардың, соның ішінде дәлелдемелерді цифрлық бекіту және тергеу іс-қимылдарын модельдеу әдістерінің қолданылу мүмкіндіктері көрсетілді.
Кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың болашағын, тәжірибе алмасу мен бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Аталған іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БҰҰ-ның №17 Тұрақты даму мақсаты – «Тұрақты дамуға серіктестік» қағидаттарына адалдығын білдіреді. Бұл бағыт халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми байланыстарды дамытуға және сапалы, тұрақты білім беруді ілгерілетуге бағытталған.