Студенттердің "Almaty Museum of Arts" мұражайына сапарыFarabi University

Студенттердің "Almaty Museum of Arts" мұражайына сапары

10 қазан, 2025

2025 жылы 10 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Мынбатырова Нұрлайым Камбатыровна ұйымдастыруымен 305-топ студенттері “Almaty Museum of Arts” мұражайына танымдық экскурсия өткізді.

Экскурсия барысында студенттер отандық және шетелдік суретшілердің туындыларымен танысты. Мұражай қорында қазақстандық суретшілердің үлесі шамамен 75% құрайтыны атап өтілді. Бұл көрсеткіш еліміздегі бейнелеу өнерінің жоғары деңгейін және ұлттық мәдениеттің байлығын айқын көрсетеді.

Сапар барысында студенттер өнер туындылары арқылы түрлі тарихи кезеңдердің рухын сезініп, мәдени дүниетанымдарын кеңейтті. Мұндай іс-шаралар болашақ заңгерлердің эстетикалық талғамын дамытып, рухани тұрғыдан өсуіне және ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы