«АБАЙ және ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кешFarabi University

«АБАЙ және ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш

15 қазан, 2025

Құрметті студенттер, магистранттар және әдебиет сүйер қауым!

ҚазҰУ жанындағы Абай ҒЗИ базасында жұмысын жалғастырған Әуезов бірлестігінің ұйымдастыруымен Абайдың 180 жылдығы аясында «АБАЙ және ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтеді.

Кешке танымал әнші, актер, режиссер, ақын және драматург Қанат Құрмашұлы ЖҮНІСОВ қатысады. Кеште «Сәкен» фильм-концертінен үзінді көрсетіледі.

Өтетін күні: 2025 жылдың 15 қазан, сағ. 15.30 

Өтетін орны: Фараби кітапханасы, 308 кабинет, Абай залы.