- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Болашақ қаржысы: криптовалюта, блокчейн және цифрлық ақша» тақырыбында лидерлік дәріс өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Болашақ қаржысы: криптовалюта, блокчейн және цифрлық ақша» тақырыбында лидерлік дәріс өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Болашақ қаржысы: криптовалюта, блокчейн және цифрлық ақша» тақырыбында лидерлік дәріс өтті.
Шақырылған спикер — Наталия Роменская, Strategy Plus LLC (Дубай) компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, халықаралық деңгейдегі қаржы және консалтинг саласының сарапшысы, Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Әзербайжан және Маврикий банктерінің кеңесшісі.
Іс-шараға заманауи қаржы саласының үрдістеріне қызығушылық танытқан студенттер, магистранттар мен оқытушылар қатысты. Спикер қаржы технологияларының болашағы, цифрлық валюталар мен блокчейннің рөлі туралы өз ойларымен бөлісіп, кәсіби білімді нақты табыс көзіне айналдыру жолдарын түсіндірді.
«Аз теория — көп практика!» — дәрістің басты ұраны осылай болды. Кездесу нақты мысалдарға, кәсіби кеңестер мен халықаралық тәжірибеге толы болды.
Қатысушылар дәрістің мазмұндылығын, мотивациялық атмосферасын және алған білімнің практикалық құндылығын атап өтті. Шара студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, цифрлық қаржы саласында жаңа жетістіктерге ұмтылуға серпін берді.
Факультет басшылығы Наталия Роменскаяға эксклюзивті дәріс өткізгені және студенттерге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Фотосуреттер факультеттің ресми сайтында қолжетімді.
#ҚазҰУ #ЭжБЖМ #FarabiUniversity #Қаржы #Блокчейн #Криптовалюта #ЦифрлықЭкономика #ЛидерлікДәріс #Kazakhstan #Almaty
Басқа жаңалықтар

