
15 қазан күні сағат 18:30-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №16 жатақханасында студенттерге арналған Тұрақтыдаму мақсаттары (ТДМ) 2 (Аштықты жою) және 6 (Таза сужәне санитария) тақырыбына арналған танымдық жәнетартымды іс-шара өтті.
Іс-шараға БББ «Экономика» 2 курс ағылшын бөлімістуденттері және БББ «Цифрлық экономика» 1 курс қазақбөлімі студенттері қатысты. Ауғанстаннан келген екінші курсстуденттері Наджиа Салихи мен Махди Хисайни баяндамажасады.
Кездесу барысында студенттер азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты тамақтану, таза суға қол жеткізудің өзектімәселелерін талқылады. Қатысушылар табиғи ресурстарғажауапкершілікпен қараудың және ТМД-ға қол жеткізуге әрбірадамның жеке үлесінің маңыздылығын атап өтті. Іс-шараэкологиялық хабардарлықты арттырды, студенттердің БҰҰ-ның жаһандық бастамалары туралы білімдерін кеңейтті жәнетұрақты даму құндылықтарын бекітті.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері, бастамалары жәнеынталары үшін алғыс айтамыз! Бірге, тұрақты болашақ үшін!
Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының меңгерушісі және 1 – 2 курс эдвайзерлері Даулиева Г.Р., Есенғазиева С.К., Иляшова Г.К.
Басқа жаңалықтар

