«AI Ғылым» – заманауи технология мен білім тоғысқан жаңа жобаFarabi University

«AI Ғылым» – заманауи технология мен білім тоғысқан жаңа жоба

20 қазан, 2025

ТДМ -4 аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Алатау» телеарнасының бірлескен жаңа жобасы – «AI Ғылым» бағдарламасы көрерменге жол тартты.
«AI Ғылым» білім мен технологияның заманауи бағытын қарапайым тілмен түсіндіретін, интерактивті сұхбат форматындағы конвергентті жоба. Бағдарламаның жүргізушісі – Айгерім Есімхан.
Жобасының басты мақсаты – күрделі ғылыми ұғымдарды қарапайым тілге түсіріп, ғылымды көпшілік өміріне жақындату. Бағдарлама жасанды интеллект, инновация, жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктер туралы өз саласының білікті мамандары мен жас ғалымдардың көзқарасын ұсынады.
Алғашқы шығарылым 17 қазан 19:25-те телеарнадан көрсетілді. Эфир барысында қонақтар жасанды интеллекттің ғылым мен білім саласына енгізіп жатқан өзгерістері мен ықпалын талқылады. Сондай-ақ, студияда отырған ғалымдар мен сарапшылар көрермендерден келген сұрақтарға тікелей жауап берді.
Алғашқы қонақтары қатарында:
Мадина Есімханқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, профессор;
Мейіржан Әуелханұлы – «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының авторы, журналист және IT маман;
Нұр-Алтай Өмірзақ – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің 2-курс магистранты, «AI-Tamyz» конвергентті ЖИ газетінің редакторы.
Бағдарлама көрерменге тек ақпарат қана емес, ой салар пікір мен жаңа көзқарас ұсынады. Ғалымдар мен жастар арасындағы ашық диалог арқылы жасанды интеллекттің әлеуеті мен болашақтағы орны талқыланады.
«AI Ғылым» - болашақ технологиясы мен білім саласының тоғысындағы жаңа медиа кеңістіктің үлгісі.
Бағдарламаны мына сілтеме арқылы көре аласыз:

https://youtu.be/XMZVbWP0pDA?si=rMpL7Vee6yiDO5VD