«Жусан иісі» спектакліне театрға бару
2025 жылдың 19 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының Генетика мамандығының 1 курс студенттері куратор, аға оқытушы Шәлтенбай Гүлфайруз Нұрғалиқызымен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған «Жусан иісі» драмалық спектаклін тамашалады.

Қойылым қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасы негізінде сахналанған. Бұл туынды — соғыс жылдарындағы ауыл өмірін, балалық шақтың мұңды естеліктерін және адам жанының тазалығын бейнелейтін жүрекке әсер ететін драма.

Сахнада ауылдың қоңыр иісі аңқып, жусанның жұпар иісі арқылы көрермен сонау балалық шақтың естелігіне сапар шекті. Қойылым барысында соғыс салған жараның адам жадынан ешқашан өшпейтіні, бірақ мейірім мен адамгершіліктің мәңгілік күш екені айқын сезілді.

Студенттер спектакльден терең әсер алып, соғыс тақырыбының адам тағдырына тигізген салмағын түсініп, өнердің тәрбиелік және рухани мәнін ерекше атап өтті.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы