Адам жанының айнасы: Достоевскийдің мәңгілік туындысыFarabi University

Адам жанының айнасы: Достоевскийдің мәңгілік туындысы

16 қазан, 2025

16-қазан күні 1 курс студенттерінің қатысуымен Ф.М. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романына арналған әдеби талдау кеші өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, адам болмысы, ар-ождан және әділет ұғымдарына терең бойлау арқылы тұлғалық ойлау қабілеттерін дамыту болды.

Кеш барысында студенттер кейіпкерлердің психологиялық бейнесін талдап, шығарманың философиялық мазмұнын өз көзқарастарымен ұштастырды. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4 («Сапалы білім беру») және 16 («Бейбітшілік, әділет және мықты институттар») бағыттарына сай өткізіліп, студенттердің сыни ойлау және рухани дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал етті.

Ұйымдастырушылар: Тұраров Д.Р., Андабаева Г.К., Кулиев И.У.