Farabi SocialStartUni: Әлеуметтік бизнес бастамаларыFarabi University

Farabi SocialStartUni: Әлеуметтік бизнес бастамалары

17 қазан, 2025

17 қазан күні 2-курс студенттерінің қатысуымен «Farabi SocialStartUni: Әлеуметтік бизнес бастамалары» жобасы аясында іс-шара өтті. Шараның мақсаты – студенттердің әлеуметтік кәсіпкерлік идеяларын қолдау арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобаларды дамыту болды.

Enactus ҚазҰУ командасы «Қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру» тақырыбында дәріс өткізді. Спикер — Күнсарин Берекет, ал ұйымдастыруға команда капитаны Абдулазиз Амаль жетекшілік етті.

Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 4 («Сапалы білім беру») және 9 («Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым») бағыттарымен үндесіп, студенттердің әлеуметтік инновацияларға қызығушылығын арттырды.

Ұйымдастырушылар: Даулиева Г.Р., Тұраров Д.Р., Кулиев И.У., Иляшова Г.К.