Ромео мен Джулетта: Мәңгілік махаббат хикаясы
15 қазан, 2025
15 қазан күні Экономика білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінің қатысуымен Уильям Шекспирдің әйгілі «Ромео мен Джулетта» трагедиясына арналған әдеби-мәдени кеш өтті. Шараның мақсаты – студенттердің әдеби талғамын дамыту, махаббат пен адамгершілік құндылықтарын өнер арқылы дәріптеу болды.
Іс-шара барысында туындының тарихи және мәдени мәні, қазіргі заманмен байланысы талқыланып, пікірталас ұйымдастырылды. Шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 4 («Сапалы білім беру») және 16 («Бейбітшілік, әділет және мықты институттар») бағыттарына сәйкес өтті.
Ұйымдастырушылар: Тұраров Д.Р., Андабаева Г.К., Кулиев И.У.