«Фитоценоздардың эволюциясы: флорогенез және фитоценогенез» бойынша ашық дәріс өткізілді.Farabi University

«Фитоценоздардың эволюциясы: флорогенез және фитоценогенез» бойынша ашық дәріс өткізілді.

20 қазан, 2025

2025 жылдың 17 қазан күні, сағат 14:00–14:50 аралығында Биология және биотехнология факультетінің Ботаника және агроэкология кафедрасында 8D05108 – Геоботаника мамандығы бойынша «Геоботаниканың өзекті мәселелері» пәнінен ашық дәріс өтті.
Сабақты ассоц. профессор Ибрагимов Т.С. жүргізді. Оқу тілі – қазақ. Аудитория: 323.

Дәріс тақырыбы: «Фитоценоздардың эволюциясы. Флорогенез және фитоценогенез».
Қатысушылар: 1-курс, қазақ бөлімі докторанттары.

Дәріс барысында оқытушы фитоценоздардың тарихи дамуы мен олардың құрылымдық-функционалдық өзгерістерін, флорогенез үдерістерін және фитоценогенездің заңдылықтарын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, негізгі ұғымдар мен қазіргі зерттеу бағыттарын жүйелі түсіндірді. Материал эмпирикалық мысалдармен толықтырылып, геоботаниканың пәнаралық байланыстары (флористика, экожүйе экологиясы, палеоботаника, биогеография) нақты көрсетті.

Сабақ интерактивті форматта өтіп, докторанттар фитоценоз эволюциясын модельдеу тәсілдері, түр түзілуі мен қауымдастық динамикасын түсіндіретін концептуалды схемалар бойынша пікірталасқа қатысып, сұрақ-жауап арқылы өз тұжырымдарын ұсынды.

Сабақ соңында білім алушылар рефлексия жасап, флорогенез бен фитоценогенездің әдістемелік қырларын, дереккөздермен жұмыс істеудің қағидаларын және заманауи талдау әдістерін (уақыттық-кеңістіктік сериялар, градиенттік талдау) бекітті. Ашық дәріс жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, мазмұны мен студенттердің белсенділігі кафедра әріптестері тарапынан оң бағаланды.