БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының «Денсаулық және амандық» бағыты аясында қытайтану кафедрасының студенттері «Денсаулық жолымен» серуендеді.Farabi University

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының «Денсаулық және амандық» бағыты аясында қытайтану кафедрасының студенттері «Денсаулық жолымен» серуендеді.

21 қазан, 2025

2025 жылдың 19 қазан күні Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары бірге Алматы қаласындағы «Денсаулық жолы» аталып кеткен терренкурмен жүріп өтті. Бір айта кетерлігі бұл іс-шараға факультетімізде оқып жатқан шетелдік студенттер де көп қатысты. Шара кафедраның «Тұрақты даму мақсаттарына» арналған жоспарында қамтылған. Шараның мақсаты жақсы денсаулық пен әл-аухат бағытын насихаттау. 
Адам денсаулығы үшін жаяу серуендеудің артықшылығы көп:
•    Организм жақсы жұмыс істейді, жалпы денсаулық нығаяды. Зерттеулер көрсеткендей, жаяу жүру жүрек пен қан тамырлары ауруларының ықтималдығын үш есе азайтуға көмектеседі. 
•    Спортты ішінара ауыстырады, артық салмақтан арылуға көмектеседі. 
•    Жастық шақты ұзартуға көмектеседі. 
•    Көңіл-күйді көтереді. 
•    Мидың қызметі артады. 
•    Ақша шығындаудың қажеті жоқ. Жаяу жүруге ыңғайлы аяқ киімнен басқа ешқандай шектеулер жоқ, ол қаржылық инвестицияны қажет етпейді. 
Қала тұрғындары мен қонақтарының, туристердің сүйікті орнына арналған бұл орын қазір нағыз күрең күздің кейпіне еніп, қызыл-сары түске малынып тіпті керемет болып тұр. Осы іс-шара барысында кафедра ұжымы мен білім алушылар тек қана жаяу жүрудің денсаулыққа пайдасын насихаттап қана қойған жоқ, сонымен қатар өздері де ұмытылмас эстетикалық сезімдерге молынан қарық болды.