«Республика – менің Отаным, менің мақтанышым!»

2025 жылдың 17 қазанында биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасында 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Республика – менің Отаным, менің мақтанышым!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Іс-шара Республика күніне арналды. Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің патриоттық сезімін қалыптастыру, еліміздің тарихы мен жетістіктері туралы білімдерін кеңейту және жастардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Сабаққа факультет оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысты. Арнайы қонақ ретінде кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, доцент Омирбекова Анель Адилевна және профессор м.а. Болатхан Кенжегүл қатысты.
Іс-шараны куратор-эдвайзерлер Ахметова Г.А. және Жүнісжан А.Ж. ұйымдастырды. Сабақ барысында студенттер мазмұнды презентациялар көрсетіп, танымдық ойындар ойнады, бейнероликтер ұсынды және көрермендермен белсенді пікір алмасты.
Ашық сабақ қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар еліміздің мерейін арттырған мерекенің маңыздылығын ерекше атап өтті және студенттердің шығармашылық қабілеттеріне жоғары баға берді
Басқа жаңалықтар

