- Басты бет
- Жаңалықтар
- Республика күні мен Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналған поэзия байқауы
Республика күні мен Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналған поэзия байқауы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті Республика күніне және халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналған жыл сайынғы мәнерлеп оқу байқауын өткізді.
Әдеттегідей конкурс ұлы совет ақын Расул Гамзатовтың “ Қайдансың сен, жастық?” атты өлеңімен басталып, ұлы Мұқағали Мақатаевтың “Жастық” өлеңімен аяқталды.
Шара барысында отандық және шетелдік студенттер қазақтың ұлы ақындары Мұқағали Мақатаевт және Мухтар Шахановтың шығармаларына құрмет көрсетіп, олардың өлеңдерін ғана емес, сонымен қатар өз өлеңдерін де өз ана тілдерінде орындап, профессорлар және студенттер қазылар алқасы алдында өнер көрсетті.
Дәстүрлі қорытындыдан кейін барлық қатысушыларға құрмет грамоталары табыс етіліп, жиналғандарға қолдаулары үшін алғыс айтылды.
Халықаралық қатынастар факультеті мәдениетте өшпес із қалдырған еліміздегі айтулы да ұлы тұлғаларды еске алып, осындай іс-шаралар студенттеріміздің жан-жақты дамуы мен білім алуына тиімді болатынына сенім білдіреді.
Жыл сайынғы іс-шараны Дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Кәріпбаева және аға эдвайзер Есимгалиев А. ұйымдастырды.
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
Басқа жаңалықтар