“25 қазан – Республика күні” атты дөңгелек үстеліFarabi University

“25 қазан – Республика күні” атты дөңгелек үстелі

16 қазан, 2025

2025 жылдың 15 қазанында биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының куратор-эдвайзері Үсіпбек Ботагөз Абдыханқызының жетекшілігімен «6В05108 – Биомедицина» мамандығының студенттері қатысқан “25 қазан – Республика күні” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің отансүйгіштік сезімін арттыру, Қазақстан Республикасының егемендікке қол жеткізу жолындағы тарихи оқиғалармен таныстыру, ұлттық құндылықтар мен ел бірлігінің маңызын ұғындыру болды. Сонымен қатар, жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, елдің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының мәнін түсіндіру көзделді. Дөңгелек үстел барысында студенттер Республика күні – мемлекеттілігіміздің, тәуелсіздігіміздің және біртұтас ел ретіндегі болмысымыздың нышаны екенін терең ұғынды. Олар еліміздің тарихи даму кезеңдері мен егемендік жолындағы күрделі кезеңдер туралы мол мағлұмат алды.
Кездесу студенттердің патриоттық рухын күшейтіп, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және қоғам өміріне белсенді араласуға ынталандырды.