Жасай бер, Қазақстаным!Farabi University

Жасай бер, Қазақстаным!

22 қазан, 2025

2025 жылдың 22 қазанында сағат 13.00-де «Жасай бер, Қазақстаным!» атты ашық кураторлық сағаты академик А.Т. Қайдар аудиториясында (3-2) өтті. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы, 301 тобының студенттері баяндамаларын құттықтау сөзбен, одан кейін Қазақстанның әнұранымен бастады. Шарада Қазақстан тарихы және Қазақстан күнінің шығу тарихы туралы бейнеролик көрсетілді. Одан кейін Қазақстан туралы сұрақ-жауап ойындарымен қатар, тарихтағы еліміздің астаналары, кең байтақ еліміздің экономикалық-географиялық аймақтары туралы сұрақтар қойылды. Жалпы, студенттер іс-шара қонақтарымен – кафедра оқытушыларымен және студенттерімен - интерактивті қарым-қатынаста болды. Іс-шара кейс-стади сабағы, пікірталас түрінде өтті және мазмұнды болды. Студенттер ел тарихы туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді. Тәлімгерлік сағаты олардың Қазақстан туралы білімдерін тереңдетіп, туған жерге деген патриоттық сезімдерін оятып, Қазақстанның көркейіп, гүлденуіне үлес қосуға жігерлендірді. Тәлімгерлік сағаты «Атамекен» патриоттық әнін орындаумен аяқталды.

Ұйымдастырушы: түркология және тіл теориясы кафедрасының доцент м.а. А.М. Каракулова, «6В01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 301 тобының студенттері.