ТДМ 4, 11. Алматы хайуанаттар бағына саяхат
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті студенттері оқу процесінен тыс уақытта ерекше танымдық әрі рухани маңызды іс-шара ұйымдастырды. Соның бірі Тұрақты даму мақсаттарының 4 және 11-ші мақсаттары аясында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы кураторлардың жетекшілігімен Алматы хайуанаттар бағына саяхат жасап, табиғат пен жануарлар әлемімен жақынырақ танысты.
Бұл күн – балалық шақтың тәтті естелігімен бірге жаңа күш пен шабытқа толы ерекше сәт болды. Тыңдаушылардың сапалы біліммен қатар рухани дамуына, табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастыруға және қалалық мәдени-экологиялық кеңістікті тануға оң әсер етті. Іс-шара жас ұрпаққа тәрбие мен білімнің үйлесімділігін нақты іс жүзінде көрсетті.Табиғатты қорғау және сүюдің маңыздылығын ұғынған тыңдаушылар рухани тұрғыдан дамып, жарқын әсермен оралды.
Іс-шара мақсаты:
Оқудан тыс іс-шаралар арқылы студенттердің тұлғалық, рухани және әлеуметтік дамуына ықпал ету, сапалы әрі жан-жақты білім беру үрдісін қолдау;
Табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалалық экожүйемен таныстыру;
Тыңдаушылардың эмоциялық жағдайын жақсарту, бейімделу және топтық байланыстарды нығайту;
Табиғат пен жануарлар әлемін тану арқылы дүниетанымды кеңейту, экологиялық тәрбие беру.
Басқа жаңалықтар