- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ-ның 80 жылдығы мен ХҚФ-нің 30 жылдығына арналған дипломаттардың жаңа буынының көзімен 17 ТДМ іске асыру жөніндегі онкүндікті өткізді
Халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ-ның 80 жылдығы мен ХҚФ-нің 30 жылдығына арналған дипломаттардың жаңа буынының көзімен 17 ТДМ іске асыру жөніндегі онкүндікті өткізді

2025 жылдың 21 қазанында сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін Алматы қаласындағы UN Plaza ғимаратында (Байзакова көшесі 303 мекенжайындағы) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталық ұйымдастырған "Онкүндіктің" қорытынды іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты - БҰҰ-ның 80 жылдығы мен Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналған онкүндік жұмыстарының қорытындысын шығару, сондай-ақ жастардың БҰҰ қызметіне және Тұрақты даму мақсаттарына деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушыларға Властимил Самек, БҰҰ-ның Алматы қаласындағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі, және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталықтың үйлестірушісі Деловарова Лейла Федоровна құттықтау сөздерің арнады. Олар жастарды БҰҰ қағидаттарын ілгерілетуге және 17 Тұрақты даму мақсаттарың жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.
Бағдарлама барысында орталықтың экс-үйлестірушілері - Ален Джуанышбеков, Айгерім Ақшалова және Азиза Даулетова өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы бастамалар жайлы айтты.
Қатысушылар ерекше қызығушылықпен "Жастардың БҰҰ дамуына және 17 ТДМ-ды іске асырудағы рөлі" атты презентацияны тамашалады. Презентацияны үш қатысушы дайындады: Құрманғали Бақдәулет (қазақ тілінде), Сейсебаев Камиль (орыс тілінде) және Капенова Дария (ағылшын тілінде).
Тұсаукесерден кейін "сұрақ-жауап" форматында пікірталас өтіп, жастардың Тұрақты даму мақсаттарына жетудегі рөлі талқыланды.
Одан кейін онкүндік аясында белсенді қатысып, үздік нәтиже көрсеткен сурет байқауының жеңімпаздары мен белсенді студенттер марапатталды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Шағатаев Бейбарыс (вокал), Багдат Анет және Беккул Арслан (гитара) орындаған Weezer тобының "Say It Ain’t So" және "Island In The Sun" әндері іс-шараның көркемдік бөлігін безендірді.
Іс-шараның соңында "Бірлік болсын әлемде" атты флешмоб ұйымдастырылып, ол бейбітшілік пен ынтымақ идеяларын паш етті.
«Онкүндік» аясында интерактивті іс-шаралар өткізілді: ТДМ тақырыбындағы Суреттер байқауы, БҰҰ туының қатысушыларының көзқарасың көрсететің Кулинарлық мастер-класс және «Сіз БҰҰ туралы не білесіз?» Іс-шаралар БҰҰ Миссиясы мен ТДМ-ға жастарды тартуға ықпал етті.
Жалпы, іс-шара жылы және шабыттандыратын атмосферада өтіп, БҰҰ-ның 80 жылдығы мен Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналған онкүндіктің лайықты қорытындысы болды. Соңында қатысушылар бірлескен естелік суретке түсті.
Жауапты ұйымдастырушы: Лейла Федоровна Деловарова



.jpeg)
.jpeg)
Басқа жаңалықтар