"Менің Республикам – менің мақтанышым"
ТДМ 16 бағытына сәйкес Әдебиеттану мамандығының 4-курс студенттеріне куратор-эдвайзер Ш. А. Шортанбаймен «Менің Республикам – менің мақтанышым» тақырыбында ашық дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің отансүйгіштік сезімін арттыру, тәуелсіз еліміздің жетістіктері мен мәдени құндылықтарын дәріптеу, сонымен қатар әдебиеттегі ұлттық идея мен рухани мұраның мәнін талқылау болды. Дөңгелек үстел барысында студенттер Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің дамуы, заманауи жас қаламгерлердің шығармашылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, ел бірлігі, рухани жаңғыру және жастардың ел болашағына қосар үлесі туралы пікір алмасулар жүргізілді.
Ш.А. Шортанбай, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар