«Мемлекеттік егемендіктің 35 жылдығы: ҚазҰУ-да ғылыми конференция және үздік зерттеушілер марапатталды»Farabi University

«Мемлекеттік егемендіктің 35 жылдығы: ҚазҰУ-да ғылыми конференция және үздік зерттеушілер марапатталды»

23 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына арналған «Мемлекеттік егемендік декларациясы және қазіргі Қазақстан: сын-тегеуріндер, табыстар және тұрақты даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шара барысында Scopus базасында мақалалары жарияланған докторанттар, магистранттар және бакалавриат студенттері марапатталды. Филология факультетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша 2-курс докторанты С.А. Уразгалиева бес ғылыми мақаласының жариялануына байланысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хатта былай делінген: «Сіздің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өркендеуіне қосқан елеулі үлесіңіз және отандық білім мен ғылымның дамуына сіңірген еңбегіңіз үшін алғыс айтамын. Қазақстанның жарқын болашағына бағытталған еңбегіңіз нәтижелі болсын! Сізге денсаулық, отбасыңызға бақыт және қызметіңізде табыс тілеймін, сондай-ақ университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға одан әрі үлес қосатыныңызға сенім білдіремін».