- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері «Қазпошта» АҚ Логистикалық орталығына барды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері «Қазпошта» АҚ Логистикалық орталығына барды
Kazlogistics XII жастар форумы аясында Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінің «Логистика (салалар бойынша)» мамандығының 3-курс студенттері«Қазпошта» акционерлік қоғамының Логистикалықорталығына экскурсияға барды. Экскурсияға логистика саласында білім беретін бірнеше оқу орындарының студенттері қатысты
Іс-шараның мақсаты – болашақ логистика мамандарынұлттық компанияның заманауи жұмыс үдерістерімен жәнелогистикалық жүйелердің құрылымымен таныстыру болды.
Экскурсия барысында студенттерге орталықтың қызметі, пошталық және курьерлік жөнелтілімдерді сұрыптау жәнеөңдеу технологиялары, қойма логистикасын басқаружүйелері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Соныменқатар, қатысушылар логистикалық тізбектердіоңтайландыру мен цифрландыру бағытындағыинновациялық шешімдермен танысты.
Шара нәтижесінде студенттер логистика саласындағытеориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, саладағыжаңа үрдістер мен технологияларды өз көздерімен көрді.
Ұйымдастырушылар мен «Қазпошта» АҚ өкілдеріҚазҰУ ұжымына алғыстарын білдіріп, жоғары оқуорындары мен өндірістік мекемелер арасындағыынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Автор Абдикул Ш.Н.
Басқа жаңалықтар