«Тогызқұмалақтан II орын». ЦУР: 3 – Денсаулық және игілік, 17 – Мақсаттар үшін серіктестік.Farabi University

«Тогызқұмалақтан II орын». ЦУР: 3 – Денсаулық және игілік, 17 – Мақсаттар үшін серіктестік.

24 қазан, 2025

2025 жылдың 19–22 қазан аралығында Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы университеттер қауымдастығы ұйымдастырған II дәстүрлі спорттық ойындар өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің 4-курс студенті Танатарқызы Мадина осы жарыстарға қатысып, «Манас» Қырғыз-Түрік университетінде өткен «Ұлттық спорт түрлері» бөліміндегі тоғызқұмалақ сайысында II орынды иеленді.

Бұл халықаралық спорттық шара түркі елдерінің жастары арасындағы достық пен мәдени өзара түсіністікті дамытуға бағытталған. Танатарқызы Мадинаның жетістігі – университет студенттерінің ұлттық дәстүрлер мен интеллектуалдық спорт арқылы халықаралық ынтымақтастық пен рухани бірлікті нығайтудағы белсенділігінің айғағы.

Іс-шара ЦУР 3 – Денсаулық және игілік және ЦУР 17 – Мақсаттар үшін серіктестік мақсаттарына сай өткізілді.