«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел»Farabi University

«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел»

22 қазан, 2025

22 қазанда Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы қазақ филологиясы мамандығының бірінші курс 104-топ студенттері Республика күніне орай  «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел» атты мерекелік іс-шара өткізді.

     Мәдени шарада студенттер еліміздің тарихы мен мәдениеті, Отан, туған жер туралы ойларын білдіріп, ән айтып, патриоттық өлеңдер оқыды. Жас ақындар өз шығармашылықтарынан Отанға арнаған жыр шумақтарын оқып, көрермендердің көңілінен шықты. Студенттер туған жерге қатысты ән шашуларын тарту етті. Олар өз арнауларын оқып қана қоймай, белгілі қаламгерлердің ел мен жер тақырыбына жазылған шығармаларын жан тебіреніспен жырлады. Еліміздің жеткен жетістіктеріне қатысты сұрақтарға белсенді жауап берді. Бұл әсерлі мәдени шарадан студенттер үлкен тағылым, ғибрат алды.