- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының өкілдері QS және THE халықаралық рейтингтеріндегі университет көрсеткіштерін арттыруға арналған семинарға қатысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының өкілдері QS және THE халықаралық рейтингтеріндегі университет көрсеткіштерін арттыруға арналған семинарға қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Куаналиева Г.А. және кафедра меңгерушісінің орынбасары, доктор PhD, доцент м.а., Рашева Г.К. университеттің QS және THE халықаралық рейтингтеріндегі көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ұйымдастырылған семинар-тренингке қатысты.
Іс-шара спикері – ҚазҰУ-дың Стратегиялық даму орталығының директоры Василина Г.К. Семинар барысында ол QS және THE рейтингтерінің әдіснамасы, сарапшыларды тіркеу тәртібі, сондай-ақ университеттің күшті және әлсіз тұстарын талдау тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Кафедраның бұл семинарға қатысуы факультет пен университеттің ғылыми және білім беру қызметінің тиімділігін арттыруға, сонымен қатар олардың халықаралық беделін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.