Мәдени демалысFarabi University

Мәдени демалыс

25 қазан, 2025

«Тұрақты даму және әл ауқат», «Тұрақты қалалар және елді мекендер» сынды ТДМ-3, ТДМ-11 мақсаттарына сәйкес  «Экономика» кафедрасының 1-ші курс студенттері мен оқытушы-кураторлары студенттердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша мәдени іс-шара жасап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды.  

Осы жобалардың негізінде студенттер мен оқытушылар қазақтың белгілі ақын, жазушысы І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасының театралдық қойылымын көріп мәдени демалыс жасап, салауатты өмір салтын айшықтай түсті. 

Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының аға оқытушы-кураторлары: Иляшова Г.К., Тураров Д.Р.