Республика күні: Бірлік пен келісімнің символы
25 қазан – Республика күніне арналған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Тарих” факультетінің «6В03205-Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері «Республика күні: Бірлік пен келісімнің символы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Республика күні мерекесінің тарихи және рухани маңызын түсіндіріп, Отанға деген сүйіспеншілік, елжандылық пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастырып, Қазақстан халқы арасындағы татулық, өзара сыйластық және келісім құндылықтарын дәріптеу. Бұл құндылықтар ТДМ №17: Тұрақты даму үшін серіктестік қағидаттарымен толықтай үндеседі, өйткені тұрақтылық пен дамуға тек бірлік пен келісім арқылы қол жеткізуге болады.
Өткізілген іс-шарада дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, топ эдвайзері Асанова Баян Сүлейменқызы 25 қазан – Республика күнінің мәні мен маңызын түсіндірді. Дөңгелек үстел аясында студенттер ел болашағы үшін маңызды құндылықтар: бейбітшілік, бірлік, ұлттық келісім және патриотизм туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл ұғымдар - тек сөз емес, тәуелсіз Қазақстанның тұғыры мен тірегі.
Республика күні – еліміздің жаңа саяси бағыты айқындалған, демократиялық даму жолына бет бұрған тарихи күн. Бұл - барша қазақстандықтар үшін ортақ мақтаныш пен жауапкершіліктің символы.
Басқа жаңалықтар