Республика күні: Ел болашағына жауапты ұрпақ» дөңгелек үстеліFarabi University

Республика күні: Ел болашағына жауапты ұрпақ» дөңгелек үстелі

22 қазан, 2025

2025 жылғы 22 қазан күні «Экономика» кафедрасы «25 қазан – Республика күніне» орай дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шарада мерекенің тәуелсіздікті нығайту, қоғамдағы бірлік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі маңызы сөз болды.

Қатысушылар ТДМ 4 – «Сапалы білім», ТДМ 8 – «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», ТДМ 11 – «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» бағыттарындағы елдің даму үрдістеріне тоқталды.

“6В04109 – Цифрлық экономика” мамандығының 1 және 3 курс студенттері ел экономикасы, білім беру сапасы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы және өмір сүру деңгейі туралы пікір алмасты.

Шарада ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елдің жарқын болашағына жауапкершілікпен қараудың маңызы ерекше атап өтілді.

Ұйымдастырушылар: аға оқытушы Мурабилдаева Р.А., Сағынбай Ә.Ғ.