Жасанды интеллект: көмекші ме, әлде қауіп пе?
                        28 қазан, 2025                    
                 
                Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде «Жасанды интеллект: көмекші ме, әлде қауіп пе?» атты өзекті тақырып талқыланды.
Кездесу барысында студенттер жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі, оның артықшылықтары мен ықтимал қатерлері туралы пікір алмасты.
Іс-шараны жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары — Мақсұтханова Ардақ Мақсұтханқызы мен Таженова Маржан Сұлтанқызы ұйымдастырды.
Талқылау студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытып, цифрлық сауаттылық пен технологияларды жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара БҰҰ-ның ТМД №4— «Сапалы білім» және ТМД №9 — «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» мақсаттарымен үйлеседі.
Басқа жаңалықтар
 
                                
                                    31 қазан, 2025                                
                             
                                
                                    31 қазан, 2025                                
                             
        