ТДМ 4. Интерактивті веб-сервистер арқылы тиімді оқыту
2025 жылдың 23 қазан күні Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «Kahoot, Wordwall платформаларын білім беру үдерісінде пайдалану» тақырыбында семинар–тренинг ұйымдастырылды. Қазіргі білім беру кеңістігі оқытушылардан сабақ мазмұнын ғана емес, оны жеткізу тәсілдерін де жаңғырта алуды талап етеді. Осыған орай цифрлық құралдарды тиімді қолдану оқыту сапасын арттырудың маңызды құрамдасына айналып отыр. Семинардың негізгі мақсаты – ПОҚ-ты аталмыш платформалардың мүмкіндіктерімен таныстырумен қатар, оларды сабақ құрылымына әдістемелік тұрғыдан дұрыс енгізу жолдарын көрсету болды.
Алғашқы бөлімде қатысушыларға Kahoot және Wordwall платформаларының білімді бекіту, жедел кері байланыс ұйымдастыру, ойын элементтері арқылы қызығушылықты арттыру, сондай-ақ форматтық және қалыптастырушы бақылау жүргізу үшін тиімді құрал екені түсіндірілді. Түрлі тапсырмалар үлгілері көрсетіліп, гуманитарлық, тілдік және кәсіби бағыттағы пәндерде қолдану сценарийлері талқыланды. Семинар барысында нақты сабақ фрагменттері негізінде «до/кейін» әсері салыстырмалы түрде көрсетілді.
Тренингтің екінші бөлімі практикалық форматта өтті: оқытушылар тренер жетекшілігімен өз пәндері бойынша жеке тапсырмалар үлгілерін әзірлеп, олардың оқу бағдарламаларына және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларға қалай енгізілетінін талдады. Сонымен бірге сыртқы цифрлық білім беру құралдарын сабаққа жүйелі түрде кіріктіру үшін әдістемелік материалдар пакеті жасалды: қадамдық нұсқаулықтар, шаблондар, чек-парақтар, тиімді тәжірибе жинақтары. Семинар-тренинг кафедра оқытушыларының цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, EdTech бағытындағы практикалық құзыреттерін күшейтті және интерактивті құралдарды оқу үрдісіне тұрақты енгізудің әдістемелік негізін қалады. Қатысушылар пікірлерінде аталған платформалардың мотивациялық әлеуеті мен аудиторияны жандандырудағы қолайлылығы ерекше атап өтілді. Алдағы уақытта дайындалған материалдар негізінде ішкі микротренингтер өткізу, цифрлық тапсырмалар банкін құру және пилоттық топтарда жүйелі апробация жүргізу жоспарлануда. Осылайша, семинар нәтижесі кафедраның цифрлық трансформация бағытын институционал деңгейде бекітуге нақты қадам болды.
Басқа жаңалықтар