Экологиялық мәдениетті қалай қалыптастырамызFarabi University

Экологиялық мәдениетті қалай қалыптастырамыз

19 мамыр, 2025

Мемлекетіміздің тұрақты даму мақсаттарына сай жасап жатқан іс-шараларының бәрі де елдің дамуындағы қадамдардың негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әр ісінде адамзат жаратылысындағы табиғаттың әсер етуші маңызын айтып келеді. Қазір «Таза Қазақстан» ұғымы мемлекеттің басты ұранына айналды. Өйткені тазалықтың бір ұшы жауапкершілікке келіп тіреледі. 

Филология факультетінің №17 жатақханасында география және табиғатты пайдалану факультеті студенттерінің қатысуымен «Эко­ло­гия­лық мәдениет» тақырыбында дә­ріс өтті. Дәрісті география ғылы­мы­ның кандидаты, доцент Әлім Мыл­қайдаров XI ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі – қоршаған ор­таны қорғау және адамзаттың таби­ғат­пен үйлесімді өмір сүруін қам­та­масыз ету мәселесімен бастады. Әсіресе ғылыми-техникалық прог­ресс жетістіктерімен қатар, ан­тро­погендік әсердің күшеюі табиғи ортада қайтымсыз өзгерістерге алып келіп жатқанын нақты тұр­мыс­та­ғы мысалдармен слайд арқылы талдап, түсіндірді. Алдымен орны толмас салдарына тоқталып, арты неге әкеп соғатынына мән берді. Демек, әрқайсымыз экологиялық мәдениетті дамытуды өзіміздің өмір сүру салтымызға енгізуіміз керек екеніне ерекше тоқталды. Дәріскер ғалым экологиялық мәдениетті адамның табиғатпен өзара байла­ны­сындағы дүниетанымдық, адам­гер­шілік және тәжірибелік ұста­ным­дары негізінде қарастырды. Ол тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның даму деңгейін көрсететін өлшем болып табылатынына аса мән берді.

Экологиялық мәдениетті қалып­тас­тыруда білім беру жүйесінің орны ерекше екені белгілі. Университет – тек кәсіби маман даярлайтын орта ғана емес, сонымен қатар аза­мат­тық, экологиялық және мәдени құн­ды­лықтарды бойға сіңіретін рухани орталық. Демек, жасыл кампус кон­цепцияларын жүзеге асыру (энер­гия үнемдеу, қал­дық­тарды сұ­рып­тау, көгалдандыру) сияқты мін­­­дет­те­ме­лер өзекті мә­селеге ай­нала бер­мек. Дәрісте Қа­зақ­станда экол­о­гия­лық мәдениетті дамытуға ба­ғыт­талған мемлекеттік бағдарламалар мен қоғамдық бас­тамаларға тоқталып, оның жү­зеге асырылуынан эколо­гия­лық мә­де­ниет деңгейі әлі де төмен екенін сту­денттердің жарыса айтқан мы­сал­дарынан байқадық.

Студенттердің жарыссөзіне ай­нал­ған дәріс тақырыбы көкейдегі көп ойды қозғады. Шындығында, қоғамның едәуір бөлігі табиғатты тұтыну нысаны ретінде қарас­ты­ра­тыны рас. Экологиялық құқық бұзу­шы­лық, тұрмыстық қалдықтарды бей-берекет тастау, ресурстарды ысырап ету сияқты мәселелер жиі кездесетінін де жасыра алмаймыз. Сондықтан экологиялық мәдениет – тек экологиялық білім ғана емес, бұл болашақ ұрпаққа деген жауап­кер­шілік екенін түсінетін кез келді. Жоғары оқу орындары бұл бағытта шешуші рөл атқарады. Универ­си­те­тіміздің жол картасында да бұл мәселеге мән берілген. Студенттер – ертеңгі кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ойдың, мәдениеттің, сананың тасымалдау­шы­лары екенін естерінен шығар­мауы тиіс.

Сөз соңында көкейде жүрген бірнеше ұсынысты жария етуді жөн көрдік. Біріншіден, экология туралы қарапайым, түсінікті тілде ақпарат тарату адамдардың жауапкершілігін арттыратындықтан, неге «Экоапта», «Жер үшін бір сағат», «Таза қала – таза қоғам» секілді шараларды ұйым­дастыру арқылы халықтың қа­тысуын күшейтпеске... Экоәдеттерді (қоқысты сұрыптау, қайта қолдану, су мен электрді үнемдеу) күнделікті өмірде қалыптастыруға болатын әрекеттер, яғни әрбіріміздің қолы­мыз­дан келеді. Тек санада сіңіру қа­лып тұр. Қоғамның экологиялық мә­дениеті әр адамның экоса­на­сы­нан басталады. Әсіресе өскелең ұрпақты экологиялық тақырыптағы фильмдер, театр қойылымдары, поэзия фестивальдері, арт-инстал­ля­циялар ұйымдастыруға бағыт­тау­ға болады. Бұл, бір жағынан, жасөс­пі­рімдер мен жастар арасында экотақырыпты шығармашылықпен ұштастыру олардың эмоционалдық сезіміне әсер етеді. Көркем туын­дылар қоршаған ортаны қорғауға шақыратын мотивацияға айналады. Тіпті мемлекет пен бизнес тара­пы­нан гранттар мен стипендиялар тағайындау мотивацияны артты­ра­тыны анық.

 Экологиялық мәдениет – бұл тек табиғатты қорғау ғана емес, адам­ның ойлау, өмір сүру және әрекет ету дағдысы. Ұсынылған нақты қа­дам­дар арқылы Қазақстан қоға­мын­да тұрақты даму қағидаларын те­рең сіңіріп, болашақ ұрпаққа қауіп­сіз орта қалдыруға мүмкіндік бар. Сол себепті университет қа­быр­ғасынан бастап экологиялық көзқарасты, мінез-құлықты қалып­тас­тыру тұрақты даму жолындағы нақты қадам болып қала бермек.

Сәуле ЕРЖАНОВА,

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д.