БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) 16-мақсаты – “Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар” идеясына сәйкес 2025 жылдың 20 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, “Ел тұтқа” пікірталас клубының жетекшісі Тлепбергенов Орынбасардың ұйымдастыруымен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 205 топ студенттері «Заң мен тәртіп идеологиясы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбындағы жобалар көрмесіне қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеу және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ой-пікір қалыптастыру болды. Көрме барысында студенттерге полиция қызметкерлері арнайы дәріс өткізіп, құқық бұзушылықтың себептері мен оны болдырмау жолдары туралы мазмұнды сөз сөйледі.
Полиция өкілдері жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сана қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Олар өздерінің қызмет барысындағы тәжірибелерінен нақты мысалдар келтіріп, заң талаптарын бұзудың салдары мен құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіндірді.
Іс-шара барысында студенттер құқық қорғау саласының қызметкерлерімен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Талқылау барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы заманауи тәсілдер, құқықтық білім берудің маңызы және жастардың қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтаудағы рөлі сөз болды.
Көрме студенттердің құқық саласына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында заңға бағынушылық пен әділдікке ұмтылу қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Қатысушылар осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін жетілдіріп, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Бұл шара студенттердің кәсіби дамуына, құқық қорғау органдарының қызметін терең түсінуге және өз мамандықтарына деген жауапкершілік сезімін күшейтуге үлкен әсер етті.
Басқа жаңалықтар