«Жастардың салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелFarabi University

«Жастардың салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел

3 қараша, 2025

2025 жылғы 3 қарашада филология факультетінің шет тілдері кафедрасының оқытушылары география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенттерімен бірлесіп, «ТДМ 3. Мықты денсаулық және әл-ауқат» тұрақты даму жобасы аясында  «Жастардың салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша онлайн дөңгелек үстел өткізді.

          Дөңгелек үстелдің мақсаты – салауатты өмір салты ұғымын айқындау, адамның ең құнды байлығы – денсаулығы түсінігін қалыптастыру; салауатты өмір салтының моральдық-адамгершілік аспектілерін көрсету, жаман әдеттерден саналы түрде бас тартуды қалыптастыру.

          Дөңгелек үстелге Қарақалпақ мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараның модераторы ретінде шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы З.А. Ұзақбаева дөңгелек үстелдің негізгі міндеттері туралы қысқаша ақпарат берді. ҚМУ ағылшын тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ф.К. Алламуратова бірлескен іс-шараға орай құттықтау сөз сөйледі.

Студенттер дұрыс тамақтану, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, психикалық денсаулықты сақтау, жаман әдеттерден аулақ болу сияқты салауатты өмір салтының компоненттері туралы презентациялар дайындап ұсынды. Презентациялар соңында студенттер сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді және пікірталасқа белсенді қатысты. Нәтижесінде салауатты өмір салтының нормалары мен қағидаттарын ұстану – әрбір жас адамның парызы деген өзекті мәселелер талқыланып, қорытындыланды. Әр адам өз денсаулығына жауапты және оны сақтау үшін саналы қадамдар жасауы керек. Өз денсаулығына саналы көзқарас – жан-жақты дамыған тұлғаның басты ерекшелігі.

Дөңгелек үстелге белсенді қатысушы студенттер сертификаттармен, алғыс хаттармен марапатталды.  


Ұйымдастырушылар: Карабаева Б.Н., Мадиева З.К., Ұзакбаева З.А., Еркебаева Г.А.

https://drive.google.com/drive/folders/1_ry899x0zYNT-tnVYuuMRRr34GryBrLJ