Механика-математика факультеті Жоғары білім қызметкерлері күнін атап өтті
2025 жылғы 1 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бұл атаулы күн ұстаздар мен ғалымдардың мәртебесін арттыруға, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының білім мен ғылымды дамытудағы маңызды рөлін айқындауға бағытталды. Мерекелік жиын – өмірін жас ұрпақты тәрбиелеуге және еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға арнаған ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың белгісі болды.
Іс-шара барысында факультет қабырғасында білім, ғылым және спорт саласындағы жетістіктерге арналған шағын көрме ұйымдастырылып, студенттер мен оқытушылар факультет жетістіктерімен танысты. Сонымен қатар, факультет оқытушылары мен қызметкерлері жылы лебіздер мен құттықтауларға бөленді. Бұл көрме ҚазҰУ-дың механика және математика саласындағы табыстарының айқын көрінісі болды.
Мерекелік шара факультет ұжымының бірлігін арттырып, жас мамандарға шабыт сыйлады.
Факультет деканаты
Басқа жаңалықтар