«Инклюзивті білім беру – тең мүмкіндіктер кеңістігі»Farabi University

«Инклюзивті білім беру – тең мүмкіндіктер кеңістігі»

31 қазан, 2025

3 курс студенттерімен «Инклюзивті білім беру – тең мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында студенттік іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – студенттердің инклюзивті білім беру туралы түсініктерін кеңейту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау маңыздылығын ұғындыру.

Университетте 3 курс студенттерінің қатысуымен «Инклюзивті білім беру – тең мүмкіндіктер кеңістігі» атты іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің инклюзивті білім беру ұғымы, оның қағидаттары мен қоғамдағы маңызы туралы білімін арттыру, болашақ педагогтардың кәсіби құндылықтарын қалыптастыру болды.

Шара барысында студенттер инклюзивті білім берудің негізгі бағыттарымен танысып, бейнематериалдар қарап, топтық тапсырмалар орындады және өз көзқарастарын постер арқылы білдірді. Нәтижесінде студенттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың тиімді жолдарын талқылап, қоғамдағы инклюзия мәдениетін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар инклюзивті тақырыпқа арналған тәжірибелік сабақтардың санын көбейту және осы бағыттағы волонтерлік жобаларды дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.