Физика-техникалық факультетінде құқықтық диктант өтті. ТДМ 4 және ТДМ 16
2025 жылғы 30 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде 330-аудиторияда «Заң сенен басталады» республикалық акциясы аясында құқықтық диктант ұйымдастырылды.
Іс-шараға факультет студенттері белсенді қатысып, құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және Қазақстан Республикасының заңнамасының негіздері жөніндегі білімдерін көрсетті. Диктант өткізу студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға және құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етті.
Іс-шараны Қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Шопабаев Батырбек Әбенұлы ұйымдастырды.
Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тікелей байланысты:
-
ТДМ 4 — Сапалы білім, яғни тұрақты дамуға қажетті білім, дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыруды көздейді;
-
ТДМ 16 — Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар, құқықтық мәдениетті дамытуға және құқықтық институттарға сенімді нығайтуға бағытталған.
Басқа жаңалықтар