Ресей мен Қазақстан арасындағы кванттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кездесу. ТДМ 9 және ТДМ 17Farabi University

Ресей мен Қазақстан арасындағы кванттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кездесу. ТДМ 9 және ТДМ 17

30 қазан, 2025

2025 жылғы 30 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы кванттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге «Росатом квантовые технологии» жобасының өкілдері – халықаралық жобалар жетекшісі Анна Кочарова, ТМД өңірі бойынша жобалар жетекшісі Валерия Кушакова, Ресей кванттық орталығының ғылыми қызметкері Глеб Салахов, сондай-ақ «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Орталық Азия бойынша өңірлік орталығының жобалар менеджері Қыдыралы Серікбай қатысты.
Физика-техникалық факультет атынан ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары қатысып, факультеттің ғылыми бағыттары мен кванттық есептеулер, сенсорика және коммуникация салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды.

Ресей тарапы «Кванттық технологиялар» ұлттық жобасын ұсынды, ол кванттық есептеулер, коммуникациялар және сенсорлар сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. Ресейдің төрт физикалық платформада (сверхпроводниктер, иондар, атомдар, фотондар) кванттық компьютерлер прототиптерін жасап, халықаралық серіктестік пен зерттеу инфрақұрылымын белсенді дамытып жатқаны атап өтілді.

Физика-техникалық факультет ресейлік ғылыми ұйымдармен серіктестікті нығайтуға мүдделілік танытып, ынтымақтастық әлеуетінің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен — ТДМ 9 (Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым) және ТДМ 17 (Тұрақты даму мақсаттарына серіктестік) аясында өзекті екенін атап өтті.