Көптілді білім берудің болашағыFarabi University

Көптілді білім берудің болашағы

1 қараша, 2025

Мемлекет басшысы Касым- Жомарт Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер  форумындағы сойлеген сөзі «Білім беру саласындағы көптілділік адамдардың немесе университеттердің , тіпті, тұтас мемлекеттердің ашықтығы мен бәсеке қабілетілігінің негізін қалайды».

  Көптілді адам – көпқырлы, ой-өрісі кең, ойлы адам, ана тілінен бөлек екі шет тілін, яғни ағылшын және түрік тілдерін меңгеріп, көптілді жастар керуеніне қосылады. Қазіргі әлемде шет тілін білу өзінің орасан зор ақпараттар мен инновациялар ағынымен үлкен жаһандық әлемге терезе ашады. Шет тілін меңгеру шетелде әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік береді және планетаның озық елдерінде практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.Көптілділік бағдарламасы бойынша сабақтар барысында педагогтар пән мен тілді меңгеруді ұштастыруға мүмкіндік беретін оқытудың әртүрлі әдістерін пайдаланады, яғни кіріктірілген оқытуды жүзеге асырады. 

«Тілі бірдің — тілегі бір», «Тіл тағдыры — ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі — тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу —  басты міндетіміз.

Көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тəжірибесін жинақтап, əлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Студенттердің жыл бойы халықаралық жобаларға қатысуын қадағалау, шетелдік əріптестермен ғылыми байланыстарды нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны əлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тəрбие берілуі қажет. Бүгінгі ұрпаққа көп тіл үйрету жөніндегі мемлекет саясатын жан-жақты қолдап, жастарымыздың әлем өркениетіне қол жеткізуі үшін оған тиісті жағдай жасап отырғанымыз абзал. 

 

Балгабекова Р.Н.