«Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумындағы Президенттің баяндамасы туралыFarabi University

«Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумындағы Президенттің баяндамасы туралы

1 қараша, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумында сөйлеген сөзі еліміздің жоғары білім жүйесінің болашағына бағытталған маңызды бағдар болды. Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру, академиялық адалдықты күшейту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және ғылыми әлеуетті дамыту мәселелерін нақты атап өтті.

Президенттің бұл бастамалары еліміздің зияткерлік капиталын нығайтып, Қазақстанды аймақтағы жетекші білім және ғылым орталығына айналдыруға жол ашады. Форумда көтерілген идеялар – қоғамның, университеттердің және ғылыми қауымдастықтың бірлескен еңбегін талап ететін стратегиялық міндеттер.

Осы тұрғыдан алғанда, әрбір жоғары оқу орны Президент белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруда белсенді ұстаным танытуы қажет деп есептеймін. Академиялық мәдениет пен зерттеу сапасын арттыру – ел дамуының басты кепілі.

Ботакоз Бекмашева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы