«Farabi Kubogi 2025» атты факультетаралық спорттық жарысы
                2025 жылдың 1 қарашасында ҚазҰУ қалашығында Жоғары студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында дәстүрлі жыл сайынғы «Farabi Kubogi – 2025» спорттық сайысы өтті.
Іс-шара студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытты тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылды.
Дәстүрлі түрде өтетін бұл сайысқа университеттің 13 факультетінің студенттері қатысты.
Сайыста факультеттер арасынан суырылып шыққан Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1-курс студенттерінен құралған команда үздік өнер көрсетіп, 1-орынды иеленіп, жеңіске жетті! 🏆
ЭжБЖМ жеңімпаз студенттері:
- 
	
Мамаджанов Асан – «Логистика» БББ (команда капитаны)
 - 
	
Қамысбаев Ерасыл – «Логистика» БББ
 - 
	
Мадиұлы Мәдениет – «Логистика» БББ
 - 
	
Журунтаев Ералы – «Логистика» БББ
 - 
	
Хожабеков Ерғали – «Қаржы» БББ
 - 
	
Несіпбай Нұрдәулет – «Қаржы» БББ
 - 
	
Чаубаев Алиахмет – «Менеджмент» БББ
 
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Біздің факультет – әрқашан биікте!