Маусымбекова Сәуле Жұмақанқызын құттықтау!Farabi University

Маусымбекова Сәуле Жұмақанқызын құттықтау!

31 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,  механика-математика факультеті, Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Маусымбекова Сәуле Жұмақанқызын 60 жас мерейтойының қарсаңында, білім мен ғылым саласындағы ұзақ жылғы ерен еңбегі мен университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Факультет ұжымы Сәуле Жұмақанқызын осы айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық, жаңа ғылыми табыстар мен шығармашылық шабыт тілейді!

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы