MansapStart жәрмеңкесі: Бүгінгі студент — ертеңгі маманFarabi University

MansapStart жәрмеңкесі: Бүгінгі студент — ертеңгі маман

1 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖЭБМ «Экономика» және «Цифрлық экономика» мамандығының 4-курс студенттері эдвайзер Есенгелдиева Г.Т. жетекшілігімен «MansapStart» бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.

Студенттер Air Astana, BI Group, Nestlé, Coca-Cola, Huawei, LG Electronics, Алматы халықаралық әуежайы және басқа да жетекші компания өкілдерімен кездесіп, мансаптық мүмкіндіктер туралы құнды ақпарат алды.

Ерекше сәт – Есенгелдиева Г.Т. осы жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде қатысқан, 2005–2010 жылдары дәл осы кафедрада оқыған өз түлегін кездестірді!