ICMM&IT 2025 конференциясының екінші күні жалғасуда.
25 қыркүйек, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатқан «Математика, механика және ақпараттық технологиялар» (ICMM&IT 2025) халықаралық конференциясының екінші күні өз жалғасын табуда.
Бүгін “Ғылым мен инженериядағы жасанды интеллект: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Сессияның модераторлары – профессор А.Ж. Қалтаев пен Д. Айжұлов.
Шара барысында қатысушылар жасанды интеллекттің ғылым мен инженерия салаларындағы рөлін, қазіргі кездегі өзекті мәселелерін және даму болашағын талқылады. Дөңгелек үстел пікірталас алаңы ретінде ғалымдар мен зерттеушілердің жаңа идеялармен алмасуына мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар
5 желтоқсан, 2025
5 желтоқсан, 2025
5 желтоқсан, 2025