Жасанды интеллект бойынша жаңа жобалар ұсынылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жасанды интеллект бағыты бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдерді дайындау мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Ақпараттық технологиялар факультетінің басшылығы, жетекші ғалымдар мен жас зерттеушілер қатысты.
Басқосудың мақсаты – университет ұсынатын ғылыми жобалардың маңыздылығын айқындау және олардың гранттық қаржыландыру талаптарына сәйкестігін талқылау.
Кездесу барысында жасанды интеллект саласында жүзеге асырылатын жаңа жобалар таныстырылып, қатысушылар болашақ жоспарларымен бөлісті.
Нәтижесінде елдің ғылыми-технологиялық дамуына үлес қосатын перспективалы жобалар іріктеліп, университет ғалымдары оларды гранттық қаржыландыру конкурсына ұсынуға дайындық жүргізеді.
Басқа жаңалықтар