ҚазҰУ-да CSAM-2025 халықаралық конференциясы басталды.Farabi University

ҚазҰУ-да CSAM-2025 халықаралық конференциясы басталды.

9 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Информатика және қолданбалы математика» атты X халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (CSAM-2025) ашылды. Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ақпараттық және есептеу технологиялары институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тұран университеті және Польшаның Люблин техникалық университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Ауқымды ғылыми форумға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Вьетнам, Мажарстан, Грузия және басқа да елдердің жетекші ғалымдары мен ІТ-саласының мамандары қатысып жатыр. Конференция барысында информатика, есептеу математикасы, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларындағы өзекті мәселелер талқылануда.