2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында 5-секция өз жұмысын өткізді.Farabi University

2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында 5-секция өз жұмысын өткізді.

23 қазан, 2025

Секцияның ұйымдастырушылары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті мен Механика-математика факультеті. Отырыс барысында заманауи Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің рөлін айқындайтын ғылыми баяндамалар ұсынылды.

Баяндамалар белсенді пікірталас тудырып, факультеттердің цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы қолданылу мүмкіндіктерін көрсететін жоғары ғылыми әлеуетін танытты.