«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалдары арасында оқушылардың ғылыми-зерттеу және танымдық қызметін ынталандыру, сондай-ақ еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға үлес қоса алатын дарынды жас зерттеушілерді анықтау және қолдау мақсатында екі кезеңнен тұратын желілік ғылыми жобалар байқауы өткізілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының қызметкерлері «Техника» секциясында қазылар алқасының төрағалары ретінде белсенді қатысты. Байқаудың бірінші кезеңінде (13–17 қазан) қазылар алқасына кафедраның доценті Қаласов Нұрдәулет Болатұлы, ал қорытынды кезеңінде (28–30 қазан) кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Жақыпов Әлібек Серікұлы төрағалық етті.
Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әділ және нәтижелі бағалауға барлық жағдай жасалды.
Бұл іс-шара ғылым мен білімнің өзара тиімді ынтымақтастығының жарқын үлгісі болып, Қазақстанның жас зерттеушілер буынын дамытуға және Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 4 және 9) жүзеге асуына үлес қосты.
Басқа жаңалықтар