«Жазушы Нұрдәулет Ақыштың шығармашылық әлемі»Farabi University

«Жазушы Нұрдәулет Ақыштың шығармашылық әлемі»

4 қараша, 2025

А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы және "8D02307-Қазақ филологиясы" мамандығының 1-курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Жазушы Нұрдәулет Ақыштың шығармашылық әлемі» атты кездесу өтті.

Жазушымен кездесу Филология факультетінің 316-аудиториясында офлайн форматта өтті.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология факультетінің 3,4-курс студенттері қатысып, рухани сабақ алды. Студенттер жазушының өмір жолымен, шығармаларымен және ғылыми еңбектеріне қатысты сұрақтар қойып, белсенді қатысты.